• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы  №32

355 рет
көрсетілді

2015 жылғы 5 мамыр,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары бекітілсін. 2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. ҰҚК Шекара қызметі тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде қызметтік жануарларды сатып алуды кезең-кезеңімен жүзеге асырсын. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Комитет Төрағасы Н.ӘБІҚАЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б.СҰЛТАНОВ. 2015 жылғы «__» ______ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы №32 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерін жылқылармен жабдықтау нормасы Р/с № Объектілердің (бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы Өлшем бірлігі Жылқыларды пайдалану тобы Мінетін1 Мінетін1 Мінетін1 1 Кавалерлік бөлімше бас 10 10 10 2 Шекара қызметі академиясының оқу шекара заставасы бас 50 50 50 Ескертпелер: 1мінетін – ерттеп мінуге жұмыста пайдаланылатын жылқы. 2жүк артатын – басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде арқасында жүкт асымалдау үшін пайдаланылатын жылқы. 3жегетін – басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде жүктерді, жеке құрамды қызмет өткеру орнына арбамен жеткізу мақсатында пайдаланылатын жылқы. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жылқыларды өсіру бойынша бөлімшелерін жабдықтау нормасы Р/с № Объектілердің (бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы Өлшем бірлігі Өнім беруші айғырлар Биелер (аналық бас) Тайлар Жұмыс жылқылары1 1 жас 2 жас 3 жас 4 жас 1 жас 2 жас 1 Оқу-жаттығу – жөндеу кавалерлік бөлімше (застава) бас 6 60 60 60 6 60 60 60 2 Жылқылардың өнімін молайту жөніндегі бөлімше (питомник) бас 1 10 10 10 1 10 10 10 Ескертпе: 1Жұмыс жылқысы –шаруашылық жұмыстарында пайдаланылатын жылқы. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерін қызметтік иттермен жабдықтау нормасы Р/с № Күзет объектілерінің (бөлімінің, бөлімшесінің) атауы және олардың сипаттамасы Өлшем бірлігі Иттер санаты Іздеуші Күзетуші Қарауыл-дық Есірткі іздеуші Мина іздеуші (жарылғыш заттарды іздеу үшін) Асыл тұқымды Саптық Күшіктер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1) Шекара заставалары (шекаралық бақылау бөлімшелері): 1 1-санатты шекара заставасы бірлік 6 3 - 3 - - - - 2 1-санатты шекаралық бақылау бөлімшесі бірлік 8 - - 8 2 - - - 3 2-санатты шекара заставасы бірлік 4 2 - 2 - - - - 4 2-санатты шекаралық бақылау бөлімшесі бірлік 6 - - 6 2 - - - 5 3-санатты шекара заставасы бірлік 3 2 - 2 - - - - 6 3-санатты шекаралық бақылау бөлімшесі бірлік 4 - - 4 1 - - - 2) Арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер): 7 Коменданттық рота бірлік 1 2 4 1 - - - - 8 Десанттық-шабуылдау заставасы бірлік 3 - - 1 - - - - 9 Жедел топ бірлік 2 - - 1 1 - - - 10 Десанттық-шабуылдау маневрлік тобы бірлік 4 - - 1 1 - - - 3) Оқу-жаттығу бөлімшелері: 11 Оқу-жаттығу заставасы (оқу-жаттығу орталығының шекара жасағы) бірлік - 30 - - - - -  - 12 Шекара қызметі академиясының оқу-жаттығу заставасы бірлік - - - - - - 30 - 13 Шекара қызметінің кинологиялық орталығы бірлік 30 - - 30 30 - - - 4) Иттерді өсіру және көбейту жөніндегі бөлімшелер (орындар), питомниктер: 14 Шекара қызметінің кинологиялық орталығы бірлік - - - - - 50 360 150 15 Шекара қызметінің академиясы бірлік - - - - - 10 - 30 Ескертпелер: 1-санатты шекара заставасы (шекаралық бақылау бөлімшесі) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жіті проблемалық учаскелері. 2-санатты шекара заставасы (шекаралық бақылау бөлімшесі) –Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының проблемалық учаскелері. 3. 3-санатты шекара заставасы (шекаралық бақылау бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қалыпты учаскелері. 4. Бір кинолог-маманға екі қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды: 1) қарауылдық иттер – бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі; 2) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомниктерде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-мамандарға бекітіліп беріледі. 5. Оқу-жаттығу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Тыңдаушыларға (курсанттарға) оқу-жаттығу орталықтарының иттерін бекітіп беруге рұқсат етіледі. 6. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жас 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін іріктеледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11302 болып енгізілді.